Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 62 мыңнан асты
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды мәліметі бойынша республикада бүгін тәулік бойы тағыда 317 кісі індет жұқтырғаны хабарланды
Өзбекстанда ресми коронавирус статистикасы 14 қазан күні 60 мыңнан асты.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды мәліметі бойынша республикада бүгін тәулік бойы індет жұқтырғандар 317 кісіге көбейіп, жалпы саны 62 055-ке жетті.
Сондай-ақ, 332 азамат аурудан сауығып шығып, қазірде олардың саны 59 095 жанды құрауда. Өкінішке орай бүгін тағыда 3 кісі вирустан қаза болған, өлім саны бойынша жалпы көрсеткіш 514-ке жеткен.
Қазіргі уақытта республикада 2446 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 317-нің жағдайы ауыр, ал 102 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.