Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60 мыңнан асты
Өзбекстанда ресми коронавирус статистикасы 8 қазан күні 60 мыңнан асты
Өзбекстанда ресми коронавирус статистикасы 8 қазан күні 60 мыңнан асты.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды мәліметі бойынша республикада бүгін тәулік бойы індет жұқтырғандар 334 кісіге көбейіп, жалпы саны 60 122-ге жетті.
Сондай-ақ, 408 азамат аурудан сауығып отбасына оралды. Қазірде олардың саны 56 976 жанды құрауда. Өкінішке орай бүгін тағыда 4 кісі вирустан қаза болған, өлім саны бойынша жалпы көрсеткіш 496-ға жетті.
Қазіргі уақытта республикада 2650 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда.