Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6,1 мыңнан асты
Қазіргі уақытта ауруханада 1844 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда, олардың арасында 14 азаматтың жағдайы ауыр
Бүгін тәулік бойы республика аумағындағы бес аймақта 207 коронавирус жұқтырғандар тіркелді.
ДСМ-нің 16 маусым кешкі қорытынды хабарына сай жаңа ауруға шалдыққан азаматтардың 179 карантиндік бақылау аймағынан, 19 жан тұрғындар арасынан, ал 9 кісі халықаралық жүк тасушы көлік жүргізушілерден анықталған.
Сонымен елдегі жалпы вирусты жұқтырғандар саны 6153-ке жетті.
Сондай-ақ бүгін 17 азамат аурудан сауығып шығып, олардың саны 4290-ға жеткен болса, 15 наурыздан қазірге дейін індеттен көз жұмғандар саны 19 құрауда.
Қазіргі уақытта ауруханада 1844 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда, олардың арасында 14 азаматтың жағдайы ауыр, екендігі айтылады.