Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 555 кісіге жетті
10:49 / 2020-04-09

Бұдан бөлек әлемнің 9 елінде 23 өзбекстандық азамат вируспен ауырып сол елдер аумағында емделуде


Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстандағы коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған науқастар санының тағыда артқанын хабарлады.

Онда, 2020 жыл 9 сәуір сағат 10:00 уақытындағы жағдай бойынша республика аумағында COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 555 кісіге жеткені айтылған. Осы дерекке сай Өзбекстанда 15 наурыздан беріге анықталған науқастардың жартысынан көбі яғни 328-і кейінгі алты күнде тіркелгендер және олардың 40 пайыздан астамы ер адамдар.

Бұдан бөлек әлемнің 9 елінде 23 өзбекстандық азамат вируспен ауырып сол елдер аумағында емделуде. Ал АҚШ-та 3 азамат осы аурудан көз жұмған.

Бүгін коронавирус ел аумағында тіркелгеніне 25 күн. 15 наурыздан бастап осы аралықта Сұрхандария мен Сырдария облыстарынан басқа барша облыстарда вирус жұқтырғандық белгісі тіркелді.