English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5000-ға жуықтады
23:28 / 2020-06-13

Қазіргі уақытта республика бойынша карантиндік аймақта 22497 азамат бақылауда болса, үй жағдайында 26960 жан оқшауланған


Денсаулық сақтау министрлігінің хабарауынша бүгін республика бойынша 97 кісіде covid-19 індеті анықталған және 116 азамат аурудан сауығып шыққан.

13 маусым кешкі сағат 23:00 уақытымен елдегі жаңадан коронавирус жұқтырған жандардың 85 карантиндік аймақта тіркелген. Қалған 12 азаматтың 5 тұрғындар арасынан, 7 халықаралық жүк тасушы автокөлік жүргізушілердің арасынан шыққан.

Қазіргі уақытта республика бойынша карантиндік аймақта 22497 азамат бақылауда болса, үй жағдайында 26960 жан оқшауланған.

Ел аумағында жалпы вирус расталған жағдай бойынша көрсеткіш 4966-ға жетіп, олардан 3874 емделіп шықты. Өкінішке орай 19 жан індеттен көз жұмған. Қазір 1073 індет жұқтырған жан дәрігерлер бақылауында. Олардың арасында 12 кісінің жағдайы ауыр.