Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 45 мыңға жуықтады
Бүгін 314 науқастың емделіп шыққан және вирусқа шалдыққан 6 науқастың көз жұмғаны тіркелген
Денсаулық сақтау министрлігінің 9 қыркүйектегі кешкі қорытынды хабарына сай Республика аумағында тағыда 512 жаңа індет жұқтырған жағдай тіркеліп, жалпы науқастық белгілері анықталғандар саны 44 930-ға жетті.
Ал бүгін 314 науқастың емделіп шыққан және вирусқа шалдыққан 6 науқастың көз жұмғаны тіркелген. Қазірде сауыққандар қатары 42 212-ге жетіп, 366 жан індеттен көз жұмған.
Соңғы мәлімет бойынша қазірде Өзбекстандағы емханаларда 2352 науқас дәрігерлер бақылауында қалып, олар арасында 427 азаматтың жағдайы ауыр, 224 өте ауыр хәлде екендігі айтылады министрлік хабарында.