Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3939 кісіге жетті
Соңғы күндердегі статистикаға сәйкес ел аумағында аурудан сауығып жатқандарға қарағанда вирус жұқтырғандар саны артып келеді
ДСМ-нің 4 маусым күнгі кешкі қорытынды жаңалықтары бойынша тәулік бойы Өзбекстанда 96 кісіде коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Бүгінге дейін вирус расталған жағдай 3939-ға жетіп, одан 3087 жан сауығып шыққан болса, 16 кісі індеттен қаза тапты.
Соңғы күндердегі статистикаға сәйкес ел аумағында аурудан сауығып жатқандарға қарағанда вирус жұқтырғандар саны артып келеді.
Қазіргі уақытта республикалық аумағындағы ауруханаларда 836 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда. Олар арасында 9 науқастың жағдайы ауыр, оның 2 өте ауыр халде.