Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3100-ден асты
23 мамыр күнгі кешкі қорытынды жаңалықтар бойынша республикада тәулік бойы тағы 79 вирустану жағдайы тіркелген
23 мамыр күнгі кешкі қорытынды жаңалықтар бойынша республикада бүгін тағы 79 вирустану жағдайы тіркелген.
ДСМ-нің хабарлауынша ел аумағында бүгінге дейін коронавирус жұқтырып тіркелгендер саны 3115 кісіге жеткен. Ал бүгін індеттен сауыққан 40 кісі ауруханадан шығып оқшаулау орталығына орналастырылды. Қазірде емделген жандар қатары 2532 құрауда. 13 кісі вирустың кесірінен көз жұмды. Республиканың 7 аймағындағы ауруханаларда 544 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда.