Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 29 мыңнан асты
Қазіргі кезде ел аумағында 8662 ауру жандар дәрігерлер бақылауында қалуда
Өзбектанда коронавирус індетін жұқтырғандар қатары тағы 690 кісіге көбейіп жалпы науқастар саны 29 225-ке жеткен.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды мәліметі бойынша 7 тамыз тәулік бойы 793 науқас аурудан сауығып, 6 науқас індеттен көз жұмған. Осы жағдайдан соң елде 20 380 жанның сауыққаны белгілі болып, бүгінге дейін 183 науқастың өлім құшқаны анықталды.
Қазіргі кезде ел аумағында 8662 ауру жандар дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 786-ның жағдайы ауыр, 275 азаматтың хәлі өте ауыр екені айтылған.