Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1865 кісіге жетті
Ел аумағындағы жалпы сауыққандар қатары 707 кісіге жеткен
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша Өзбекстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны тағы артқан.
26 сәуір таңғы сағат 10:00 уақытымен ел аумағында тағы 3 вирус жұқтырғандық жағдайы тіркелген болып жалпы науқастар саны 1836 кісіге жеткен.
Өзбекстанда коронавирустық індеттің алғашқы расталған жағдайы 15 наурызда Ташкентте тіркелген болып, бүгінге дейін ел аумағындағы жалпы сауыққандар қатары 707 кісіге жеткен және індеттен 8 кісі көз жұмған.