Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1800-ден асты
23:45 / 2020-04-24

Республика бойынша 24 сәуір күні тәуліктік тағы 46 коронавирус жұқтырғандық жағдайы тіркелді


Республикада 24 сәуір тәуліктік көрсеткіш бойынша тағы 46 науқас тіркелді.

ДСМ-нің хабарлауынша 24 сәуір кешкі сағат 23:00 уақытымен ел аумағында 46 коронавирус жұқтырғандық жағдайы тіркеліп, жалпы науқастар саны 1804 кісіге жеткен. Сондай-ақ бүгін 51 азамат аурудан сауығып жалпы емделгендер 621-ді құраған болса, тағы бір науқас аурудан көз жұмды. Бүгінге дейін қаза болған 8 жағдай тіркелді.

Еске сала кетсек, Өзбекстанда коронавирустық індетінің алғашқы жағдайы 15 наурыз күні Ташкентте тіркеліп, ел аумағындағы барлық ауқымды шаралар мен салтанатты кештер тоқтатылды. Республикалық арнайы комиссияның шешімімен карантиндік мерзім 10 мамырға дейін ұзартылды.