Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 17 мыңға жуықтады
Бүгінге дейін 9279 науқас емделіп шыққан болса, аурудан 88 жан індеттен көз жұмған
Денсаулық сақтау министрлігінің 20 шілде күнгі таңғы хабарына сай Республика аумағында тағыда 214 жаңа індет жұқтырған жағдай тіркеліп, жалпы науқастық белгілері анықталғандар саны 16 966-ға жетті.
Бүгінге дейін 9279 науқас емделіп шыққан болса, аурудан 88 жан індеттен көз жұмған.
Соңғы мәлімет бойынша қазірде Өзбекстандағы емханаларда 7599 науқас дәрігерлер бақылауында қалып, олар арасында 81 азаматтың жағдайы ауыр, 23 өте ауыр хәлде екендігі айтылады министрлік хабарында.