Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 15 мыңнан асты
Өзбекстанда алғашқы коронавирустық жағдай 15 наурыз күні Ташкентте тіркелген еді
Өзбекстанда 16 шілдеге келіп коронавируспен байланысты жағдай нашарлап, оны жұқтырғандар саны 15 мыңнан асты.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарына сай тәулік бойы ел аумағында COVID-19 індетін жұқтырған 485 кісі тіркелген және аурудан 128 азамат сауығып 4 науқас көз жұмғаны айтылған.
Өзбекстанда алғашқы коронавирустық жағдай 15 наурыз күні Ташкентте тіркелген еді. Соңғы мәлімет бойынша қазірде Өзбекстанда 15 066 кісіде індет расталған, одан 8783 емделіп шыққан болса, 75 өлім жағдайы орын алған. Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 6208 науқас дәрігерлер бақлауында қалуда.