Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13 мыңға жуықтады
Бүгінге дейін 7852 науқас емделіп шыққан болса, аурудан 60 жан мерт болды
Республика аумағында бүгін тағыда 484 жаңа індет жұқтырған жағдай тіркеліп, жалпы науқастық белгілері анықталғандар саны 12997-ге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің 12 шілде күнгі кешкі қорытынды хабарына сай тәулік бойы ел аумағында COVID-19 індетінен 129 азамат сауыққаны айтылады және 3 кісі қайтыс болған.
Бүгінге дейін 7852 науқас емделіп шыққан болса, аурудан 60 жан мерт болды.
Соңғы мәлімет бойынша қазірде Өзбекстандағы емханаларда 5085 науқас дәрігерлер бақылауында қалып, олар арасында 43 азаматтың жағдайы ауыр, 7 өте ауыр хәлде екендігі жазылған министрлік хабарында.