Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13-ке жетті
Өзбекстанға коронавирустың кіріп келу жағдайы халықаралық әуе бағыттарындағы төрт рейс арқылы орын алған
Өзбекстандағы коронавирус індетіне байланысты соңғы дерекке сай Стамбулдан және Лондоннан келген өзбекстандық екі азаматтың жұбайларынан да вирус белгілері анықталған.
Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің мәліметінше бұл екі азаматта қатаң бақылауда болған. Қазірде дәрігерлер науқастардың жағдайын стандартты үлгіде емдеуді жалғастыруда.
Коронавирус пен ауырған жандар саны жалпы Өзбекстанда 13-ке жетті. Ел аумағында алғашқы вирус жұқтырғандық жағдайы 15 наурызда тіркелген.
Өзбекстанға коронавирустың кіріп келу жағдайы халықаралық әуе бағыттарындағы төрт рейс арқылы орын алған:
✅Бірінші - 11 наурыз Париж-Ташкент рейсі арқылы ұшып келген өзбекстандық дәрігер әйел. Ол өз жанұясындағы күйеуі, ұлы, қызы, небересі мен бір туысқанына ауру жұқтырған (6 адам)
✅ Екінші – 14 наурыз күні Лондон-Ташкент бағытындағы 201-рейсте келген бір азамат.
✅ Үшінші – 15 наурызда таңғы сағат 05:15те Стамбул-Ташкент бағытындағы 274-рейсте (3 адам)
✅ Төртінші – 17 наурызда Дубай - Ташкент рейсі арқылы (1 адам).