Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты
Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 4443 науқас індетпен күресуде, олар арасында 43 азаматтың жағдайы ауыр, 10 өте ауыр хәлде
Өзбекстанда 10 шілдеге келіп коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты.
Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі кешкі қорытынды хабарына сай тәулік бойы ел аумағында COVID-19 індетін жұқтырған 463 кісі тіркелген және аурудан 243 азамат сауығып 3 науқас көз жұмғаны айтылған.
Соңғы мәлімет бойынша қазірде Өзбекстанда 12 027 кісіде індет расталған, одан 7530 емделіп шыққан болса, 54 өлім жағдайы орын алған.
Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 4443 науқас індетпен күресуде, олар арасында 43 азаматтың жағдайы ауыр, 10 өте ауыр хәлде.