Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар cаны 30 мыңнан асты
23:58 / 2020-08-09

Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды мәліметі бойынша республикада тәулік бойы індет жұқтырған науқастар саны 691 кісіге көбейген


Өзбектанда коронавирус індетін жұқтырғандар қатары 9 тамыз күнге келіп 30 мыңнан асты.

Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды мәліметі бойынша республикада тәулік бойы індет жұқтырған науқастар саны 691 кісіге көбейген және 726 ауру жан сауығып, 6 науқас індеттен көз жұмған.

Осы жағдайдан соң елде 30 609 кісіде індет анықталғаны белгілі болып, олардан 22 042 жанның сауыққаны анықталды. Бүгінге дейін 194 науқастың өлімі тіркелген.

Қазіргі кезде ел аумағында 8373 ауру жандар дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 1378-нің жағдайы ауыр, 386 азаматтың хәлі өте ауыр екені айтылған.