Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 45 адамға жетті
01:08 / 2020-03-23

Ташкенттегі карантиндік бақылау режимін қатаңдату мақсатында қалаға кіру мен шығу уақытша шектелуі мүмкін


Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігінің хабарлауынша Өзбекстан аумағында COVID-19 коронавирусы індетін жұқтырғандар саны 45 адамға жеткен.

Соңғы тәжіндетін жұқтырған екі азамат шетелде болып атаулы ауруға шалдыққан азаматтар мен жақын байланыста болғандығының арқасында жұқтырған.

Өзбекстанда корнавирус індеті алғаш 15 наурызда тіркелген болып, вирус жұқтырған азамат 11 наурызда Парижден келген дәрігер әйел еді. Одан кейін Лондон, Стамбул және Дубайдан келген азаматтар карантиндік бақылауға алынған кезде ауру бар екені анықталған. Ал осы шетелден жұқтырып келген жандар қатарына 22 наурыз Швейцариядан қайтқан азамат қосылды. Сонымен Өзбекстан аумағына коронавирус эпидемиясы халықаралық бес әуе бағыттары арқылы кіріп келген. Қазірде аурулар саны 45 кісіні құрауда. 

Ташкенттегі карантиндік бақылау режимін қатаңдату мақсатында қалаға кіру мен шығу уақытша шектелуі мүмкін.