Өзбекстанда коронавирус жұқтырған тағы бір азамат қайтыс болды
Науқас 14 сәуір күні жағдайы ауыр хәлде жұқпалы аурулар клиникасына жатқызылған
14 сәуір күні Наманган қаласының 54 жасар тұрғыны ауыр хәлде жұқпалы аурулар клиникасына жатқызылған болып, дәрігерлер тарапынан шұғыл тексеріс нәтижесінде науқаста коронавирус індеті анықталған.
Науқас біраз уақттан бері қантты диабет, гипертония мен ауырып келгендігі мәлім болып оның COVID-19 індетін жұқтыруы ауруды асқындырған. Нәтижеде дәрігерлер 17 сәуірде науқасты жансақтау бөліміне ауыстырған. Бірақ бұл жағдайдыңда науқасқа пайдасы болмай 54 жастағы намангандық азамат жүрек қан тамыр жетспеушілігінен қайтыс болған.
ДСМ-нің хабарлауынша бүгінтағы 50 азамат емделіп шығып, олардың жалпы саны 407 кісіге жеткенін мәлімдеді. Кейінгі аурудан емделіп шыққандардың 15-і Қарақалпақстан емханасынан шығарылған болса, 35-і Хорезмдегі Ургенч қалалық медициналық бірлестігі және эндокринология диспансерінде емделгендер.
Қазіргі уақытқа келіп ел аумағында вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1692-ге жетіп, олардан 407 сауығып шықты. Ал 7 азамат індеттен көз жұмған.