Өзбекстанда коронавирус жұқтырған науқастардың 96 пайызы сауығып шықты
Өзбекстанда жалпы коронавирустан сауыққандар саны 96 пайызды құрауда
Өзбекстанда жалпы коронавирустан сауыққандар саны 96 пайызды құрауда.
Денсаулық сақтау министрлігінің 27 қазан күнгі кешкі қорытынды хабарында, республикада 277 кісінің індет жұқтырғаны тіркелгені және 289 науқас сауығып отбасына оралып, 4 науқастың қайтыс болғаны айтылады.
Қазіргі кезде елдегі коронавирустық жағдай күн өткен сайын жақсарып келеді. Бүгінгі қорытындыға сай елдегі жалпы індет расталған науқастар саны 65 944-ке жетіп, олардан 63 165-і сауығып шықты. Өкінішке орай бүгінге дейін 556 өлім жағдайы тіркелген.