Өзбекстанда коронавирус жұқтырған науқастардың 95 пайызы сауығып шықты
Өзбекстанда жалпы коронавирустан сауыққандар саны 95 пайызды құрауда
Өзбекстанда жалпы коронавирустан сауыққандар саны 95 пайызды құрауда.
Денсаулық сақтау министрлігінің 13 қазан күнгі кешкі қорытынды хабарына сай республикада 319 кісінің індет жұқтырғаны тіркелген және 336 науқас сауығып отбасына оралса, 2 науқастың қайтыс болғаны айтылады.
Республикадағы коронавирустық жағдай күн өткен сайын жақсарып келеді. Қазіргі уақытта елдегі жалпы індет расталған науқастар саны 61 738-ге жетіп, олардан 58 763-і сауығып шықты. Өкінішке орай бүгінге дейін 511 өлім жағдайы тіркелген.