Өзбекстанда коронавирус жұқтырған науқастардың 92 пайызы сауығып шықты
Өзбекстанда жалпы коронавирустан айыққандар саны 92 пайызды құрады
Өзбекстанда жалпы коронавирустан айыққандар саны 92 пайызды құрады.
Денсаулық сақтау министрлігінің 27 тамыз күнгі кешкі қорытынды хабарына сай республикада 393 кісінің індет жұқтырғаны тіркелген және 638 науқас сауығып отбасына оралса, 5 науқастың қайтыс болғаны айтылады.
Республикадағы коронавирустық жағдай күн өткен сайын жақсарып келеді. Қазіргі уақытта елдегі жалпы індет расталған науқастар саны 40 447-ге жетіп, олардан 37 200 кісі сауығып шықты. Өкінішке орай бүгінге дейін 298 өлім жағдайы тіркелген.