Өзбекстанда коронавирус жұқтырған науқастардың 89 пайызы сауығып шықты
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарында бүгін 400-ден атам індет жұқтырғандар мен аурудан сауыққандар тіркелген
Өзбекстанда жалпы коронавирустан айыққандар саны 89 пайызды құрады.
Денсаулық сақтау министрлігінің 23 тамыз күнгі кешкі қорытынды хабарына сай республикада 414 кісінің індет жұқтырғаны тіркелген және 411 науқас сауығып отбасына оралса, 6 науқастың қайтыс болғаны айтылады.
Республикадағы коронавирустық жағдай күн өткен сайын жақсарып келеді. Қазіргі уақытта елдегі жалпы індет расталған науқастар саны 38 946-ға жетіп, олардан 34 987 кісі сауығып шықты. Өкінішке орай бүгінге дейін 273 өлім жағдайы тіркелген.