Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус жұқтырған науқастар үш санатқа бөлініп емделетін болды
10:55 / 2020-07-02

5 шілдеден бастап республикада коронавирус жұқтырған науқастарды емдеудің ЖАҢА ТӘРТІБІ енгізіледі


Республикалық арнайы комиссияның шешіміне байланысты коронавирустың ел аумағында тарауын болдырмау үшін 1 шілдеден бастап мемлекет аумағында карантиндік талаптар күншейтілетіні жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын жөнінде қаулысы қабылдады.

Осыған орай Өзбекстанда коронавирус жұқтырған науқастарды үш категорияға бөлу қарастырылған.
  • коронавирустық аурудың жеңіл белгілері байқалған (ауру симптомсыз өтетін) науқастар;
  • коронавирус індетін жұқтырғандық орташа ауыр белгілері байқалған (дене қызуының көтерілуі) бар науқастар;
  • коронавирустық аурудың өте ауыр жағдайына тап болған науқастар;

5 шілдеден бастап республикада коронавирус жұқтырған науқастарды емдеудің ЖАҢА ТӘРТІБІ енгізіледі:
  • симптомсыз және аурудың жеңіл өту жағдайында болған науқастар дәрігердің ұсынысы негізінде санитарлық-гигиеналық ережелер мен күтіміне қажетті жағдайлар болған кезде үйде емделуге рұқсат етіледі;
  • аурухана және үй жағдайында емдліп жатқан симптомсыз өту жағдайында болған науқастар 10 күн ішінде індеттің белгілері байқалмаған жағдайда, бақылаудан алыну тәжірибесі енгізіледі;
  • коронавиру індетін жұқтырғаны анықталған науқастармен байланыста болғандар 14 күндік карантин мерзімін үй жағдайында немесе белгіленген аурухана, қонақ үйде санитарлық-гигиеналық ережелері мен карантиндік шектеулерге сәйкес рұқсат етілген;
  • бастапқы скринингтік тестілеудің оң нәтижесі бар үлгілерді растау талдауын жүргізу құқығы бас санитарлық дәрігердің нұсқауы негізінде аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық орталықтарына беріледі;
  • халықтың деректер базасын құру үшін коронавирустық антиденелерге IFA тестілері, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінен басқа жеке денсаулық сақтау секторындағы медициналық мекемелер қатысуы мүмкін.