Өзбекстанда коронавирус жұқтырған науқастардың 84 пайызы сауығып шықты
Өзбекстанда үшінші күн қатырынан 1000-нан астам науқастар індеттен сауығу жағдайы тіркеліп, жалпы аурудан айыққандар саны 84,3 пайызды құрады
Өзбекстанда үшінші күн қатарынан 1000-нан астам науқастың індеттен сауығу жағдайы тіркеліп, жалпы аурудан айыққандар саны 84,3 пайызды құрады.
Денсаулық сақтау министрлігінің 14 тамыз күнгі кешкі қорытынды хабарына сай республикада 694 кісінің індет жұқтырғаны тіркелген және 1448 науқас сауығып отбасына оралса, 5 науқастың қайтыс болғаны айтылады.
Республикадағы коронавирустық жағдай күн өткен сайын жақсарып келеді. Бүгін үшінші күн қатырынан 1000-нан астам азамат сауығып шықты. Қазіргі уақытта елдегі жалпы індет расталған науқастар саны 34 017-ге жетіп, олардан 28 661 кісі сауығып шықты. Бүгінге дейін 221 өлім жағдайы тіркелген.