Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус вакцинасының ІІ компонентін 3,1 млн адам салдырды
11:31 / 2021-08-27

26 тамыз күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 301 584 доза вакцина қолданылды. Бүгінге дейін республикада 1 620 623 азамат толықтай вакцина алған.

ДСМ-нің хабарлауынша, кеше вакцина алғандар қатарында 95 698 адам бірінші доза, 145 598 азамат екінші дозада, 60 288 азамат вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған.

Қазгі күнде республикада жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 13 468 108 дозасы егілді. Осы қолданылған екпенің І компонентін 9 188 876, ІІ компонентін 3 140 915, ІІІ компонентін алғандар 1 620 623 жеткені айтылады министрлік хабарында.

Бүгінге дейін ел аумағында 1 млн дозадан көп вакцина қолданылған аймақтар саны 7 жетті.

  • Ферғана облысы - 1 578 579 доза,
  • Наманган облысы - 1 569 978 доза,
  • Әндіжан облысы - 1 426 802 доза,
  • Самарқанд облысы - 1 294 595 доза,
  • Қашқадария облысы - 1 090 460 доза,
  • Сұрхандарья облысы 1 044 095 доза,
  • Ташкент облысы – 1 001 623 доза.