Өзбекстанда коронавирус құрбандар саны 520-ға жетті
Өзбекстанда 16 қазан күнге келіп коронавирусқа байланысты 520 азаматтың індеттен көз жұмғаны белгілі болды
Өзбекстанда 16 қазан күнге келіп коронавирусқа байланысты 520 азаматтың індеттен көз жұмғаны белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарында бүгін тағыда 2 науқас індеттен көз жұмғаны айтылған. Республикада 15 наурыздан бастап бүгінге дейін коронавирустан қаза тапқандар саны бүгін 520-ға жетті.
Бұдан бөлек ел аумағында тәулік бойы 313 кісінің ауру жұқтырғаны анықталса, 327 науқас вирустан сауығып шыққан. Қазірде елдегі Covid-19 расталған көрсеткіш 62 684-ке жетіп, оның 59 756-сы індеттен сауығып шыққандығы айтылады.