English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус құрбандар саны 500-ден асты
23:51 / 2020-10-10


Өзбекстанда 10 қазан күнге келіп коронавирусқа байланысты 502 азаматтың індеттен көз жұмғаны белгілі болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарында айтылуынша, бүгін тағыда 4 науқас індеттен көз жұмған. Республикада 15 наурыздан бастап бүгінге дейін коронавирустан қаза тапқандар саны бүгін 502-ге жетті.

Бұдан бөлек ел аумағында тәулік бойы 326 кісінің ауру жұқтырғаны анықталса, 374 науқас вирустан сауығып шыққан. Қазірде елдегі Covid-19 расталған көрсеткіш 60 776-ға жетіп, оның 57 704-і індеттен сауығып шықты.