Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус құрбандар саны 300-ден асты
23:52 / 2020-08-28

Өзбекстанда 28 тамыз күнге келіп коронавирусқа байланысты 303 азаматтың індеттен көз жұмғаны белгілі болды


Өзбекстанда 28 тамыз күнге келіп коронавирусқа байланысты 303 азаматтың індеттен көз жұмғаны белгілі болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарында бүгін тағыда 5 науқастың індеттен көз жұмғаны айтылған. Республикада 15 наурыздан бастап бүгінге дейін коронавирустан қаза тапқандар саны бүгін 303-ке жетті.

Бұдан бөлек ел аумағында тәулік бойы 376 кісінің ауру жұқтырғаны анықталса, 747 науқас вирустан сауығып шыққан. Қазірде елдегі Covid-19 расталған көрсеткіш 40 823-ке жетті. Оның 37 947-сі індеттен сауығып шыққандар.