Өзбекстанда коронавирус құрбандар саны 30-ға жетті
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған Ташкенттік 65 жасты азаматың өкпе қабынуынан қайтыс болғаны жайлы хабарлады
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған Ташкенттік 65 жасты азаматың өкпе қабынуынан қайтыс болғаны жайлы хабарлады.
Науқас 1 шілде күні қаладағы Ибн Сина атындағы 1-санды клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер оған гипертония, атеросклероз, бас мияда қан айналуының бұзылуы геморрагиялық инсульт диагнозы қойылған.
Жедел медициналық көмек пен реанимациядағы қолданылған әрекеттерге қарамастан, науқас 3 шілде күні жүрек-тамыр және өкпе қабынуынан қайтыс болды, делінген хабарламада.
Бүгінге дейін Өзбекстанда коронавирустан құрбан болғандардың саны 30-ға жетті. Інден расталған жағдай 9611 кісіге жұққан болса, сауыққандар қатары 6306 құрауда.