Өзбекстанда коронавирус құрбандар саны 260-қа жетті
Елдегі індет жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай азайды. Сауығу көрсеткіші 89 пайызға жетті
Өзбекстанда 21 тамыз күнге келіп коронавирусқа байланысты 260 азаматтың індеттен көз жұмғаны белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарында бүгін тағыда 6 науқас індеттен көз жұмғаны мәлім болды. Республикада 15 наурыздан бастап бүгінге дейін коронавирустан қаза тапқандар саны бүгін 260-қа жетті.
Елдегі індет жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай азайды. Бүгін 381 жаңадан вирус жұқтыру жағдайы тіркеліп, 547 науқас сауығып шыққан. Қазірде елдегі Covid-19 расталған көрсеткіш 38 074-ке жетті. Оның 33 989-ы індеттен сауығып шыққандығы айтылады.