Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус құрбандар саны 20-ға жетті
13:29 / 2020-06-25

Елдегі Covid-19 расталған көрсеткіш 6990-ды құраса, одан 4685 кісі сауығып шыққан


Денсаулық сақтау министрлігі Сұрхандария облысының Денау қаласында жүрек-тамыр және өкпе жеткіліксіздігінен қайтыс болған науқаста коронавирус инфекциясы бар екендігін растады.

Министрлік хабарында айтылуынша 1961 жылда туған марқұм соңғы бес жылда екі жақты жедел бронхопневмония диагнозымен емделіп келген. 19 маусым күні науқастың (әйелдің) өтініші бойынша одан алынған тест нәтижесі коронавирус инфекциясы бар деген күдік туындатып науқас жедел жәрдеммен аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Жедел медициналық көмек пен реанимациядағы қолданылған әрекеттерге қарамастан, науқас жүрек-тамыр және өкпе жеткіліксіздігінен қайтыс болды.

Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігінің арнайы анықтамалық зертханасының қорытындысы бойынша марқұмнан алынған сынамада коронавирустық инфекция расталған. Содан кейін отбасы мүшелері, туыстары және онымен байланысқа түскен басқа азаматтар карантинге алынып, қазірде эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде, делінген министрлік хабарында.

Қазіргі уақытта Өзбекстанда коронавирус індетінен көз жұмғандар саны-ға жетті. Covid-19 расталған көрсеткіш 6990-ды құраса, одан 4685 кісі сауығып шыққан.