Өзбекстанда коронавирус құрбандар саны 100-ге жетті
Қазірде елдегі Covid-19 расталғандардың жалпы саны 18531 кісіге жеткен
Өзбекстанда 23 шілде күнге келіп коронавирусқа байланысты 99 азаматтың індеттен көз жұмғаны белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігі 19 шілде күні ауруханаға жатқызылған Ташкенттік 55 жастағы ер кісінің өкпе қабыну және жүрек қан тамырының жеткіліксіздігінен қайтыс болғандығын хабарлады.
Бұдан бөлек республикада тағы 152 кісінің ауру жұқтырғаны анықталып, қазірде елдегі Covid-19 расталған көрсеткіш 18531-ге жетіп, жалпы 9872 азамат індеттен сауығып шыққандығы айтылады.