Өзбекстанда коронавирус құрбандары саны 580-ге жетті
Өзбекстанда 6 қараша күнге келіп коронавирусқа байланысты 580 азаматтың індеттен көз жұмғаны белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарында бүгін тағыда 1 науқас індеттен көз жұмғаны айтылған. Республикада 15 наурыздан бастап бүгінге дейін коронавирустан қаза тапқандар саны бүгін 580-ға жетті.
Бұдан бөлек ел аумағында тәулік бойы 223 кісінің ауру жұқтырғаны анықталса, 217 науқас вирустан сауығып шыққан. Қазірде елдегі Covid-19 расталған көрсеткіш 68 283-ке жетіп, оның 65 550-і індеттен сауығып шыққандығы айтылады.