Өзбекстанда коронавирус қай жастағы азаматтар арасында көп тарағаны анықталды
Өзбекстанда қазіргі күнге келіп коронавирус жұқтырған азаматтар саны 44 мыңнан асты
Өзбекстанда қазіргі күнге келіп коронавирус жұқтырған азаматтар саны 44 мыңнан асты. Денсаулық сақтау министрлігінің штаб өкілі Барно Aбдусаматованың берген мәліметіне орай елде жас балалар арасында бұл ауру 7-18 жастағыларда көптеп тараған.
Ал ел аумағында індет жұқтырған жандардың ең жоғары көсреткіші 30-39 жас мөлшеріндегі азаматтарда байқалған болып, олар жалпы аурулар санының 28 пайызы яғни 12 173 құраған.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша Өзбекстандағы коронавирустық инфекцияның жас мөлшері:
• 12173 (28 пайыз) 30-39 жас мөлшері аралығында;
• 10 304 (23,7 пайыз) 20-29 жастағылар;
• 7,521 адам (17,3 пайыз) 40-49 жастағылар;
• 5347 (12,3 пайыз) 50-59 жастағылар;
• 2 652 (6,1 пайыз) 10-19 жастағылар;
• 2565 (5,9 пайыз) 60-69 жастағылар;
• 1 956 (4,5 пайыз) 0-9 жастағылар;
• 739 (1,7 пайыз) 70-79 жастағылар;
• 219 кісі (0,5 пайыз) 80 жастан асқан азаматтар арасында ауру жұқтырған.