Өзбекстанда коронавирусқа шалдыққандар бүгін таңда анықталмады
20 сәуір күні Республика аумағында коронавирус жұқтырғандық жағдайы тіркелмеді
20 сәуір күні Республика аумағында коронавирус жұқтырғандық жағдайы тіркелмеді.
«Кoronavirus Іnfo» Өзбекстандағы ресми ақпараттық арнасының хабарына сай 19 сәуір күнгі 1565 науқас тіркелгендік жағдайы сақталып, 20 сәуір күні ел аумағында індет жұқтырғандық жағдайы тіркелмеген.
Қазіргі кезде бүкіл республика бойынша 92 мыңға жуық азамат карантидік бақылауға алынған. Соңғы бір күн ішінде 11 мың 800-ден астам вирусологиялық тексеріс өткізілген болып, бүгінге дейін 100 мыңнан астам адам өткен. Жуық арада тексерісті 400 мыңға жеткізу көзделген.
Ташкент медициналық академиясының көпсалалы клиникасында емделген 194 науқастың 54-інде пневмонияның клиникалық белгілері бар, 5 жанның жағдайы ауыр екендігі жайлы да айтылды.
Бұған дейінгі уақытта індет жұқтырғандар саны жалпы 1565 кісіге жетіп, олардың 225 емделіп шыққан болса, 5 кісі аурудан қаза болған еді.