Өзбекстанда коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 158-ге жетті
Карантиндік кезеңде тәртіп күшейтілген
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша Өзбекстанда тағы COVID -19 індетін жұқтырған 8 кісі анықталған.
Кейінгі ауру жүұтырған сегіз азаматтың екісі 12 наурызда Түркиядан келген азаматпен байланыста болған намангандықтар, тағы екі кісі коронавирустан қаза болған екінші науқаспен жақын байланыста болған ана мен бала болса, тағы төртеуі Ташкенттік азаматтардан анықталған.
Қазіргі уақытт науқастардың жалпы саны 158-ге жетіп, 7 азамат емделіп шыққан. Екі кісі қаза болды.