Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирусқа қарсы «Ковипир» препараты өндіріледі
10:17 / 2020-07-07

Компания «Ковипир» препаратын ең алдымен Өзбекстанның қажеттіліктері үшін шығарады және оны шетелге экспорттайтын болады.


Өзбекстанда нарығында өз қызметін жолға қойған «Nobel Pharmsanoat» компаниясы фавипиравирдің ингредиенті негізінде «Ковипир» деп аталатын анти-коронавирустық препаратты өндіруге мемлекеттік тіркеу процесін бастады, деп хабарлайды Фармацевтикалық индустрияны дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Айтылуынша бұл дәріге тиесілі патент жапондық «Toyama Chemical» компаниясына тиесіл болып, ол РНҚ сақтайтын вирустарға (тұмау, риновирус, тыныс алу жүйесіндегі вирустар және т.б.) қарсы кең спектрлі әсер ететін әсерге ие осы дәрі коронавирусқа қарсы оң нәтиже көрсеткен. 2020 жылдың ақпан айынан бастап ол Жапонияда коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуде қолданыла бастады.

Содан кейін Қытайдың «Zhejiang Hisun Pharmaceutical» компаниясы оны «Фавилавир» атымен сатылымға шығарды, ал Ресейде мамыр айынан бастап «Авифавир» деген атпен өндірісті іске қосты.

«Nobel Pharmsanoat» компаниясы «Ковипир» препаратын ең алдымен Өзбекстанның қажеттіліктері үшін шығарады және оны шетелге экспорттайтын болады.