Өзбекстанда Кореямен ынтымақтастықта жаңа медициналық мекемелер салынады
2020 жылы 25 қарашада Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов «Корея Республикасы - Орталық Азия» ынтымақтастық форумына қатысу аясында Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Гён Хвамен кездесті.
СІМ баспасөз қызметі хабарлауынша, сыртқы істер министрлері болашақ бірлескен іс-шаралардың ұйымдастырушылық аспектілерін талқылады. Кореялық тарап саясат, сауда, инвестиция, қаржы, АКТ, ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың қарқынын жоғары бағалады.
Кездесуде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық және Өзбекстанда жаңа медициналық мекемелер салу бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері де сөз болды.
Сондай-ақ, СІМ басшылары өзара қызығушылық тудыратын халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.