English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Конституциялық реформаның маңызды кезеңі басталды
17:42 / 2022-06-25

2022 жыл 25 маусымнан бастап Өзбекстанда Конституциялық реформаның маңызды кезеңі басталды.

ӨР Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының шешіміне сәйкес, «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңы жобасының қоғамдық талқылауы 2022 жылдың 25 маусым айынан бастап 5 шілде аралығында өтеді.

24 маусымда ӨР Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы Конституциялық заң жобасын жалпыхалықтық талқылауға шығару туралы шешім қабылдады.

Конституциялық заң жобасында Ата заңның 64 бабына 200-ден астам түзетулер енгізу көзделген болып, жаңадан 6 бап қосылуы және 16 жаңа норма енгізілу жоспарланған.

Олардың көпшілігі мән-мазмұны бойынша «адам – қоғам – мемлекет», «Жаңа Өзбекстан – әлеуметтік мемлекет» қағидаттарын конституциялық ереже ретінде бекітуге, халықтық мемлекет құруға, адам құқықтарын қорғау мен әлеуметтік қорғауды күшейтуге, жастардың құқықтары мен мүдделерін толық қорғауға бағытталған.

Бұл ретте заң жобасында мемлекеттік билік пен басқару жүйесін жетілдіру, оның ішінде парламенттік өкілеттіктерді кеңейту, Президент институтын жаңғырту, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың аражігін ажырату, Қарақалпақстан Республикасын әлеуметтік-экономикалық, саяси жағынан дамытудың конституциялық негіздерін нығайту мәселесі де орын алған.

Бұл процесс Өзбекстан Республикасының «Заң жобаларының жалпыхалықтық талқылау туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына сәйкес өткізіледі. Заң жобаларының жалпыхалықтық талқылауында азаматтардың қатысуы ерiктi және олардың құқықтары тең. Бұл процес ашық түрде өтеді және онда ел азаматтары өз пікірін білдіруге құқылы.

Сонымен қатар, қоғамдық талқылауға қатысушылардың ұсыныстары мен ескертулері жеке немесе ұжымдық, ауызша немесе жазбаша түрде енгізіледі.

Заң жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулерде азаматтың тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, тиісті органның атауы, ұйым және пошталық мекенжайы көрсетіліп, Заң жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулерге қол қойылуы тиіс.