Өзбекстанда әкім және прокурорлардың блогы жарияланатын портал іске қосылады
Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламасының жобасы жарияланды.
Оған сәйкес, мемлекеттік билік және басқару органдары басшыларының, әкімдердің, жергілікті мемлекеттік органдардың және бас прокурорлар мен прокурорлардың блогтарынан тұратын портал қызметін жолға қою жоспарлануда.
Бұл ретте порталда жазбаша өтінішке жауап хатын жіберудің 15 күн тәртіптік мерзімді күтпей, сұрақтарға онлайн жауаптарды жедел алу, порталда қарау үшін сұрақтар мен жауаптардың қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделген.
Сондай-ақ, халық, инвесторлар мен халықаралық рейтингтік агенттіктерге мемлекеттік борыштық міндеттемелер мен фискалдық қауіптер туралы шынайы ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету қарастырылған.