Өзбекстанда көлік басқару кезінде телефонды құлаққап арқылы пайдалануға рұқсат берілді
«Көлік және қаржы саласындағы кейбір құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды ырықтандыруға байланысты Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Мемлекет басшысы қол қойды.
Осы заңа жобасына сәйкес, жүргізушілер көлік жүргізу кезінде телефонды құлаққаптар арқылы және қол әрекетінсіз сөйлесуге мүмкіндік беретін құрылғылар арқылы пайдалана алады.
Өзгерістерге сай, жүргізушілер белгіленген жылдамдықты шектен асырған жағдайда сол жылдамдықтан 5 шақырым азайтып, айыппұл салынады.
Сондай-ақ, жүргізушінің төлқұжаты немесе ID-картасы болған кезде оның өзімен бірге жүргізуші куәлігін, тіркеу құжаттарын, сенімхатты, сақтандыру құжаттарын алып жүру міндетті емес (осы тәртіп 2022 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі).
Бұдан бөлек, көліктің алдыңғы жағына монитор (дисплей) орнатқандар енді жауапкершілікке тартылмайды.