Өзбекстан нарығындағы жетекші автокөлік компаниясы UzAuto Motors көліктердің жаңа бағалары жарияланды. 3 наурыздан бастап автосалондар жаңа (өскен) бағамен келісім-шарт жасай бастады.
Компания танымал автокөліктерге келісім-шарттарды жаңартқанын хабарлады. Онда көлік түріне қарай жаңартылған баға шамамен 10-12 пайызға қымбаттаған.
Атап айтқанда, «Nexia», «Spark», «Damas» және «Cobalt» көліктері 10 пайызға қымбаттаса, «Gentra» 12 пайызға қымбаттады.
Компанияның хабарлауынша, бағалар «нарықты талдау нәтижелері бойынша, сондай-ақ шикізат құнының өсуі, коммуналдық қызметтерге тарифтер, ұлттық валютаның құнсыздануы және басқа да факторларды ескере отырып» көтерілген.
Сонымен қатар, компания тұтынушыларға қосымша қолайлылық жасау мақсатында жаппай сегмент үлгілері бойынша жеке тұлғалар үшін алдын ала төлем мөлшерлемесін 85 пайыздан 50 пайызға дейін төмендеткен. Мысалы, Chevrolet Cobalt A/T автокөлігін 125,6 миллион сумға сатып алғанда, алдын ала төлем 106,7 миллион сумды құраған болатын. Жаңартылған келісімшарт бойынша алдын ала төлем 62,8 миллион сумға төмендеген.
Келісімшартта көлікті жеткізу уақыты кешіктірген жағдайда сатып алушыға өтемақы төленетіні де қарастырылған.
Сонымен 2022 жыл 3 наурыздан бастап автосалондарда көлік бағасы мынадай нарықта сатылады:
- «Damas» – 86 110 000 сум
- «Spark» – 104 095 000 сум
- «Nexia-3» AT/plus - 119 921 000 сум
- «Cobalt » AT/плюс - 125 795 000 сум
- «Gentra» – 128 284 000 - 153 506 000 сум
- «Трекер» – 255 200 000 сум
- «Tracker Redline» - 264 000 000 сум
- «Malibu 2» - 405 900 000 сум
- «Traverse»– 469 211 034 сумнан 647 600 000 сумға дейін
- «Tahoe»– 597 687 427 сумнан бастап, 947 499 99 сумға дейін.