Өзбекстанда Үкімет қаулысымен мигранттарға үй беру тәртібі белгіленді
2020 жылғы мембағдарлама аясында құрылған тұрғын үйлерден 3462 пәтер беріледі
Құқықтың ақпарат арнасының хабарына сай Өзбекстан Үкіметі еңбек мигранттарының тұрғын үйге мұқтаж жандарының жағдайын жақсартуға байланысты көп пәтерлі үйлерден пәтер беру туралы қарарды бекітті.
Жарлыққа сай тұрғын үйлер қала және аудандық орталардан жеңілдетілген ипотекалық несие негізінде бөлінетін болады. Оны өтініш беруші қабылдау комиссиясының төрағасына тұрғылықты жері бойынша жазбаша ұсыныс арқылы өтінім берген соң, өтініш 15 жұмыс күн ішінде қаралады және еңбек мигранттарының әлеуметтік жағдайын ескерген (өз атында үйдің болмауы, жалдап тұрған немесе басқа отбасымен бір үйде тұру, көп балалы болу және т.б) түрде анықтайтын болады.
2020 жыл бағдарламасы аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін еңбек мигранттар үшін ипотекалық несиелер жеңілдік дәуірі 1 жыл болып, несиені пайдаланудың алғашқы 5 жыл аралығында жыл сайынғы белгіленген 7 пайыздық қайта қаржыландыру ставкасы деңгейіне дейін бір қалыпта өсетін мөлшерлеме ставкасында және келесі кезең үшін қайта қаржыландыру ставкасы бойынша белгіленеді.
Еңбек мигранттары үшін 2020 жылғы мембағдарлама аясында құрылған тұрғын үйлерден 3462 пәтер берілетін боп белгіленген.