Өзбекстанда киберспорт бойынша халықаралық жарыс өтеді
Киберспорт қауымдастығының хабарлауынша, Өзбекстан ресми PUBG Mobile Global Open (PMGO) халықаралық турнирі өтеді.
«PMGO әлемнің түкпір-түкпірінен үздік ойыншыларды жинап, оларға өз шеберліктерін көрсетуге және чемпион атағы үшін күресуге бірегей мүмкіндік береді. Біз бұл жарыс Өзбекстанның әлемдегі позициясын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар, ойыншылардың жаңа буынын жоғары нәтижелерге жетуге шабыттандырады», делінген қауымдастық хабарламасында.

Әзірге жарыс Өзбекстанның қай қаласында және қашан өтетіні белгісіз.