Өзбекстанда Харьков радиоэлектроника университетінің филиалы ашылады
1930 жыл негізі қаланған атаулы университет құрамында 34 мамандық бойынша студент білім алады
Өзбекстанда Украинаның Харьков ұлттық радиоэлектроника университетінің филиалы ашылады.
Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алишер Курманов Харьков ұлттық радиоэлектроника университетінің ректоры Валерий Семенцпен кездесуде мәлімдеді.
Кездесу аясындағы келіссөздердің негізгі тақырыбы Өзбекстан университеттері мен Харьков университеті арасында ынтымақтастық орнату мазұнда Харьков ұлттық радиоэлектроника университетінің филиалын Өзбекстанда ашу және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын бірге жүзеге асыру, оқытушылар арасында тәжірибе алмасу үшін интерактивті шеберлік сыныптарын ұйымдастыру туралы ұсыныстар айтылды.
1930 жыл негізі қаланған атаулы университет құрамында 34 мамандық бойынша студент білім алады. 2012 және 2013 жылдары ол Украинаның техникалық университеттері арасында Білім және ғылым министрлігінің ресми рейтингісінде бірінші орын иеленген.