Өзбекстанда кейінгі 8 айда қанша жеңіл автокөлік шыққаны белгілі болды
2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында Өзбекстанда қанша жеңіл автокөлік өндірілгені жарияланды.
Статистика агенттігінің мәліметінше, автокөліктердің ең көп өндірілген түрі — Cobalt, жалпы саны 102 052 дана. Екінші орында Damas — 59 545 дана.
Сонымен қатар, 8 ай ішінде:
- Tracker — 27 454 дана;
- Onix — 21 607 дана;
- Lacetti-Gentra — 12 837 дана;
- Kia — 12 795 дана;
- Chery — 5 190 дана;
- Haval — 1 390 дана;
- Арнайы жеңіл автокөліктер — 17 321 дана.
Еске сала кетейік, UzAutoMotors компаниясы 2023 жылы Chevrolet автокөліктерін сату бойынша әлемде екінші орынды иеленген болатын. Компания жыл бойы 370 мың дана Chevrolet маркалы автокөліктерді сатқан.