Мемлекет басшысы қол қойған 867 санды заңмен «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Оған сәйкес жабайы жануарлардың жекелеген түрлерін жартылай еркін жағдайда, жасанды мекендеу орындарында немесе тұтқында ұстауға тыйым салынады.
Атаулы жануарлардың тізбесін және оларды заңды тұлғалар (ұйымдар) тарапынан ұстау тәртібін Үкімет айқындайды.
Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің мәліметінше, тізімге жабайы жануарлардың 66-дан астам түрі енгізілген, оның ішінде жәндіктер, балықтар, улы жыландар, аюлар тұқымдасының барлық түрлері, жолбарыстар, қолтырауындар, сұңқарлар, жабайы мысықтар, қасқырлар, түлкілер, орангутандар, шимпанзелер және басқа да көптеген жануарлар бар.
Еске салар болсақ, 2022 жылы жабайы жануарлардың адамдарға шабуыл жасауының 2 оқиғасы тіркелген. Атап айтқанда, 2022 жылдың 7 сәуірінде Ташкент облысында арыстанның күшігі 3 жасар балаға шабуыл жасап, ауыр жарақат жеткізген еді.