Өзбекстанда келесі халық санағы 2023 жылда жүргізіледі
ӨР Президентінің Жарлығымен Өзбекстанда жалпы халықтық санақ 2022 жылға белгіленген болып, Министрлер Кабинеті қол қойған шешім бойынша (№710, 11.11.2020ж.) бұл процес 2023 жылдың 1-25 қарашасы аралығында өтуі мақұлданған.
Алын-ала, Өзбекстандағы халықты пилоттық тәртіпте санау шарасы 2021 жылдың 1-25 қарашасы аралығында өтетін болып, онда Әндіжан облысының «Қожаабад», Ташкент облысының «Жоғары Шыршық» ауданында, Хорезм облысының «Хиуа» қаласында және Ташкент қаласының «Яшнабад» ауданында өткізу жоспарланған.
Үкіметтің шешіміне орай:
- 2023 жылы Өзбекстанда халық санағын өткізуге дайындық және өткізу тәртібі туралы ереже;
- 2021 жылы Өзбекстандағы халықты пилоттық тәртіптегі санақ бағдарламасы;
- 2021 жылы пилоттық тәртіптегі халық санағын тіркеу формаларының тізімі;
- Халықтық санақ процесіне жеке және заңды тұлғаларды тарту мен оларға ақы төлеу тәртібі туралы ереже бекітілген.