Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда карантиннің ұзартылуына байланысты жаңа талаптар енгізілді
07:22 / 2020-04-20

Шетелдік азаматтар үшін берілген виза мерзімі автоматты түрде осы жылдың 1 маусымына дейін ұзартылды


Республикалық арнайы комиссияның шешімімен Өзбекстанға коронавирустың жаңа түрі кіріп келуі мен тарауына байланысты 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін енгізілген карантиндік шектеу шаралары және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күшейтілген тәртіп 2020 жылдың 10 мамырына дейін ұзартылғаны хабарланған болатын.

Осы хабарламаға сай, Өзбекстандағы карантиндік мерзім ұзартылуына байланысты жаңа талаптар енгізілді. Онда:

  • Шетелдік азаматтар үшін берілген виза мерзімі автоматты түрде осы жылдың 1 маусымына дейін ұзартылды.
  • Киім-кешек, тұрмыстық тауарлар, көшеттер, егіндік ұрық сынды азық-түлікке жатпайтын заттарды санитарлық-гигиеналық талаптарға сай түрде және екі мертлік қашықты сақтай тұрып сатуға рұқсат етіледі.
  • Карантин кезеңінде тек банктік пластикалық карточкаларға аударым жасау тәртібі белгіленгенін ескере отырып, зейнеткерлердің пластик карталарындағы операциялар үшін комиссия алынбайды.
  • Жолаушылар тасымалдау қызметімен байланысты барлық лицензияларға өтінімдерді қабылдау және лицензияларды көріп шығу мен беру 2020 жылдың 10 мамырына дейін тоқтатылады.
  • Үкіметтік емес медициналық ұйымдарға барлық талаптарға сәйкес облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталықтарының басшылары қол қойған келісім негізінде 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияны зертханалық тексеру үшін ақылы медициналық қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.
  • Республика аумағындағы ірі ауыл-шарушылық базарларында, сондай-ақ базар аумағынан тыс жерде орналасқан үлкен азық-түлік дүкендерінде әлеуметтік қашықтықты (2 метр) сақтаған күйде сауда-саттық «зигзаг» түрінде (құбырлар, жолақтар және басқа да тосықтар арқылы) ұйымдастырылады.
  • Әрбір базар кіреберісінде «дезинфекциялау туннельдері» және «санитарлық посттар», дезинфекциялық топтар құрылып, базар аумағындағы карантиндік шаралардың талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін болады.